В Казахстане

Жастарға бағытталған жаңа жоба

kok maisa 2

«Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ», – деп байырғы бабаларымыз қоршаған орта туралы тағылымға толы тобықтай түйінді бір ауыз сөзге сыйдырған. Еліміздегі экологиялық жағдайдың күрт нашарлап бара жатқаны баршамызға бұрыннан да белгілі. Осы мәселені шешу үшін күшті б ар деңгейде салу керек. Былтыр мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселенің түйткілдерін тарқатуға бағытталған жаңа экологиялық кодекс қабылданды.

Бұл заңнамалық құжат қоршаған ортаның нашар жағдайын индустриалдық салада жақсартуға бағытталған. Әлбетте табиғатты аялау мен қорғау тек қана үкімет, экономика, саясат деңгейінде ғана емес, оған қарапайым халық ат салысып қатыспаса, нәтижесі ойдағыдай болмайды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел Үкіметтің кеңейтілген (10. 06. 2020 ж) отырысында сөйлеген сөзінде осы алаңдатарлық жағдайға тоқталып, республика аумағындағы барлық мектептерде экологиялық білім беру сабағын негізгі сабақ ретінде енгізу қажеттілігін айрықша атап айтқан болатын.

Экологиkokmaisa 1я мәселелерінің ішінде қоқыс мөлшері мен тұрмыстық қалдық үйінділерінің күрт көбеюі, адамдардың табиғатты бүлдіруі және түрлі шығарындыларды қайта өңдеудің маңызы зор әрине. Өкінішке орай бұл бағытта жүргізіле бастаған түрлі деңгейдегі сан алуан жұмыстардың нақты нәтижелері осы сала мамандарының ғана емес жалпы жұртшылықтың көңілін көншітпейді. Мемлекет басшысының бағалы бастамасын ілгері дамыту мақсатында өткен жылы бірнеше экобелсенділер кемшіліктерді қалай түзетуге болатының сарапқа салғанда, экосауаттылықты балалық шақтан бастау керектігіне тоқтаған нақты тұжырым жасалды.

Бірнеше аптаға созылған талқылаудың соңында «Көкмайса» деп аталатын жаңа жоба пайда болды. Көкмайса – жаңа ғана өсіп шыққан – шөп экология жағынан сауаттылығы мен санасы жоғары балалардың символы болып табылады. Ең басты ұстаным – мемлекеттік тілімізде қазақша білім беретін мектептердегі жас ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті сіңіру. Қоршаған ортаның тазалығын көздің қарашығындай сақтау арқылы табиғатты қалай қорғауға болатындығын оқушыларға жан-жақты түсіндіру және үлгілі істерді үйрету негізгі мақсат ретінде көзделген.

2020 жылдың жазында Назарбаев Университетіндегі әлеуметтік даму қорының грантына өтініш жолданып, қажетті қаржыны иеленетін жеңімпаздардың қатарынан көрінді. Қазіргі кезде бұл жобаны тұрақты даму, әлеуметтік кәсіпкерлік, білім беру салаларының мамандары бірлескен түрде ортақ мүддеге сәйкес жұмыла іске асырып отыр. Білім беруді жаңғырту орталығның қолдауымен елордалық білімгерлерге қалдықтарды сұрыптау бойынша дәрістер жүргізуде. Бұл жобаның қала өмірін жақсартуға, оны өмір сүру мен кәсіппен айналысу үшін таза әрі ыңғайлы ету үшін, азаматтардың сана-сезімінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа қамқорлық көрсету, тұрақты даму қағидаларымен және тұйық циклді экономикамен таныстырудағы маңызы ерекше.

Сонымен қатар жалпы жұртшылықтың экологиялық білімін көтеру арқылы еліміздің жасыл экономикаға өтуі мен
жасыл технологияны кеңінен қолдануын тездетері де сөзсіз. Жобаның әсері каскадтық түрде істеуге бағытталған. Бұл жобаға қатысушы сала мамандары мен пән мұғалімдері жас жеткіншктерді қайта сұрыптау арқылы тұрмыстық қалдықтарды қадеге жаратудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін үйретеді. Астаналық білім беруді жаңғырту орталығы мегаполистегі № 90, 81, 87, 76, 74, 73, 86, 58, 56, 66 мектептерді таңдап, жобаға қатысуын қамтамасыз етуде.

Бұл бірнеше кезеңнен тұрады: мектеп мұғалімдеріне қалдықтарды сұрыптау бойынша түрлі тақырыптағы шеберлік сыныптарын ұйымдастыру (ақпан-наурыз); пән мұғалімдерінің оқушыларға арналған экологиялық сабақтары және сауалнамалар жүргізу (наурыз-сәуір); сәуір айында 5 сынып оқушылар мен мектеп ұжымдарын қалдықтар іріктеуге үйрету және осы мақсаттағы әдетті орнықтыру бағытында білім ордасының аумағына арнайы шикізат жинайтын контейнерлер орнату; жобаға қатысатын мектептер арасындағы жарыстың жеңімпаздарын анықтау (сәуір-мамыр); бұл жобаны қатысуышы жобаны мектептердің әрі қарай алып кеткенін немесе басталған жұмыстарды жарты жолдан тоқтатып тастағанын тексеру (желтоқсан).

Жобаны ұйымдастырушылардың мәліметін сүйенсек бүгінгі таңда бұл бағыттағы екінші кезеңнің шаралары іске асырылып, экологиялық сабақтарға №56, 58, 66, 73, 74, 76, 81, 86, 87 90 мектептердің оқушылары қатысуда екен. Алдағы уақытта мектептерде үш-үштен қажетті контейнерлер (пластик бөтелкелер, алюминий банкілер мен макулатура үшін) орнату жоспарланған.

– Бұл жаңа жобаның маңызы зор. Алдын-ала зерделенген нәтижелерді талдасақ экология саласындағы сауаттылықты бала кезден үйренудің көп пайдасы барына дәлел жеткілікті. Бұл бағыттағы сабақ білім берудің негізгі бағдарламасының құрамындағы бір бөлім болуы керек. Ол тек қана табиғат әлімін таныту туралы ғана емес, қоршаған орта мен адам арасындағы алшақтаған қарым–қатынасты қайта жақындатуға септігін тигізгені жөн (қоқысты сұрыптау, ноль қалдыққа үйрету, табиғатқа серуендеуге шыққанда айналаның тазалық сақтау, жануkokmaisaарлар мен өсімдіктерге қамқорлық таныту және тағы да басқа сол сияқты экологиялық мәдениеттіліктің қыры мен сырын). Оған қоса осы пәннің тиімділігі жоғары болу үшін, ең бірінші пән мұғалімдерінің экосауаттылығын арттыруымыз қажет. Сондықтан біз экологиялық мәдениет дәрістерін ұстаздарымыздан бастадық. Жобамызға қолдау көрсеткен Назарбаев университеттің Әлеуметтік даму қорына мен қалалық білім басқармасы мен білім беруді жаңғырту орталығына және қатысушы мектептердің директорларына, басқа да жанашыр азаматтарға ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз, – дейді жоба жетекшісі, экологияландыру мен бизнестің тұрақты даму бойынша консультанті (Seleu Consulting компаниясының маманы), экобелсенді, мемлекеттік құрылымдар мен мемлекет емес/үшінші секторында жиырма жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар (ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстандағы шетел елшілер жұбайлардың қауымдастығы, Тунистегі шетел әйелдердің ұйымы) Жанар Кульжанова.

– Табиғатты сақтау барша адамзаттың басты борышы. Әрбір адамның осы игілікті іске қатысуы қажет. Экоерікті қызметі бойынша жұмыс жасайтын арнайы топтың тұжырымына сәйкес уақыт ұзаған сайын барша жұртты осы бағытта жұмылдыру қажеттілігін алға тартуда. Себебі әлем бойынша экологиялық мәселелер халықаралық деңгейде қауымдаспаған жағдайда алаңдатарлық кері әсері ушыға түсетіндігімен бірінші орында тұр. Демек бірлескен түрде жұмыла жұмыс жасағанда ғана нақты мақсаттар бойынша нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Экоеріктілік қазіргі таңда халық арасында танымалдығы артып, бұл қоғамдық бірлестіктерге қосылатын көпшіліктің саны артып келеді. Оның түрлері де сан-алуан. Мысалы, флора мен фауны қалпына келтіру, қала мен ауылдың, табиғаттын тазалығын сақтау, шикізатты қайта өндеу тағы сол сияқты. Ең басты мақсаты – табиғи ресурстарды бағалау мен қорғау қажеттілігін жалпақ жұртқа кеңінен әрі жан-жақты жеткізу, халықтың экологиялық сауаттылығы мен сана–сезімін жоғары көтеру, – дейді осы жобаның мүшесі, әлеуметтік жеке кәсіпкер, экобелсенді, экология саласындағы ондаған жобаларды іске асырған Ұлы дала жобасы мен Биопакет кәсіпорынның директоры, 2020 жылдағы ҚР Экология, геология мен табиғи ресурстар министрлігінің экоелшісі. «Ózgeris ustasy» атты бірінші республикалық сыйлықтың иегері, еліміздің экологиялық ұйымдар қоғамдастығы ұйымдастырған “Жасыл экономика көшбасшысы” сайысының жүлдегері Мирас Аббасов.

– Мен бұл экологиялық жаңа жобаға ерікті мүше іздегендерін электронды поштама келген хабарламадан білдім. Көп ойланбастан, жобаға қол ұшын беруге бірден келістім. Себебі осы жобаның мақсатты шараларынан қажетті дағдыны үйреніп,  экологиялық білімімді арттыру арқылы ой-өрісімді кеңіткім келді.  Енді міне қалдықтарды тастау әдетім өзгерді. Тұрмыстағы әр бір қалдықтың  дұрыс тасталуын мұқият қадағалаймын. Үйде қайта өңдеуге болатын  қалдықтар жинау үшін жеке орын арнап қойдым. Отбасым мен достарымды  бірге сұрыптауға шақырып жүрмін. Маған қосылған жанашыр жандардың қатары қалыңдады. Заттарды сатып аларда қаншалықты қалдықсыз болу керектігіне де барынша мән беремін. Көп ресурсты шығындайтын бұйымдардан бас тарттым. Мен үшін нөл қалдықтар тұжырымдамасы – ысырап жасамау, бар ресурстық тиімді  қолдану болып табылады. Сондықтан бұл бағыттағы қағидаларды сақтауға ұмтыламын, – дейді осы жобаның мүшесі, көп тілді білім беру саласының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар магистрі, Назарбаев Университетіндегі жоғары білім беру мектебінің кіші ғылыми қызметкері Ләйла Әбдіманапова.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Источник: yorick.kz

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: