Hi-tech Точные и естественные науки

Huawei жаңа технологияларды және әзірлеушілерге арналған Harmony OS 3 нұсқасын ұсынды

Ұсынылған технологиялар әзірлеушілерге инновациялық зияткерлік құрылғылар мен қосымшаларды анағұрлым тиімді жасауға көмектесуі тиіс

HDC 2021 әзірлеушілеріне арналған жыл сайынғы конференцияда компания HarmonyOS 3 Developer Preview мен HMS Core 6 қосқанда, әзірлеушілерге арналған бірқатар озық технологияларды ұсынды. Сондай-ақ Huawei бұл технологиялардың шығарылымына қосымша пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуге арналған бірқатар ұсыныстар мен міндеттерді белгілеп, өзінің жаһандық әзірлеушілермен бірлесе отырып, қауіпсіз, сенімді цифрлық әлем жасауға бейімді екенін растады.

Іс-шара барысында Huawei жалпы алғанда, 47 технологиялық форум өткізді, оларға өнеркәсіптің әртүрлі салаларынан өздерінің техникалық білімдерімен бөлісуге дайын жүздеген сарапшылар садисты.  Екі күн бойы әзірлеушілер зерттеу, әзірлемелер және кодтау бойынша тәжірибелік сайыстар саласындағы Huawei сарапшыларының қатысуымен ақылды үйге, фитнеске, денсаулыққа және технологияларға арналған бірқатар нетворкинг-кездесулерде бас қосты. Оған қоса, әзірлеушілер “Huawei Cyberverse” бейімделген AR-ойынын сынап көріп, еліктірер әсерлі музыкалық фестивальдан рахат алу мүмкіндігіне ие болды. Конференция тікелей эфирде жасанды интеллект базасындағы цифрлық аватардың көмегімен тұңғыш рет ым тілінде көрсетілді, бұл есту қабілеттері төмен әзірлеушілерге ең жаңа технологиялар туралы хабардар болуға мүмкіндік берді.

Huawei атқарушы директоры, Consumer Business Group бас директоры және интеллектуалды автомобильдік шешімдері бойынша бизнес-одақтың бас директоры Ричард Ю: “Әрбір жедел технологиялық прогресс ашықтыққа себепші болады. Біз Harmony OS-тың барлық негізгі мүмкіндіктерін OpenAtom тәуелсіз қорына енгізе отырып, ашық бастапқы коды бар Open Harmony жобасын құрастырдық.  Енді өнеркәсіптің көптеген салалары Open Harmony жетекші цифрлық базасына кіре алатын болады. Harmony OS экожүйесі соңғы үш жыл ішінде түсінікті формаға ие бола бастады.  Біз бұдан да көп әзірлеушілер мен серіктестерді бізге қосылып, интеллектуалды, толығымен қосылған жүйелер дәуірінің бұрын-соңды болмаған артықшылықтарын пайдалануға шақырамыз”

Бүгінгі таңда HarmonyOS интеллектуалды, толығымен қосылған әлемге арналған цифрлық орталық ретінде 150 миллионнан астам смартфонда, планшеттерде, тасымалдау құрылғыларында, HUAWEI Vision-де және басқа да құрылғыларда пайдаланылады. HarmonyOS интеллектуалдық кокпиті осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында іске қосылатын болады. Ашық бастапқы коды бар, цифрлық инфрақұрылымға икемделген EulerOS операциялық жүйесі (ОЖ) барлық цифрлық сценарийлерге жақсырақ қызмет көрсету үшін өзінің мүмкіндіктерімен және экожүйелерімен HarmonyOS-пен бөлісетін болады.

HarmonyOS экожүйесінің тез дамуы жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша серіктестерге бизнес үшін көп мүмкіндіктер ұсынады. 16 000-нан астам инновациялық атомдық (бөлінбейтін) сервистік қызметтерін өздерінің міндеттерін шешу үшін тұтынушыларға ұсынады.  Жаңа Harmonious Connect жабдықтар бойынша серіктестерге жіксіз қосылымдары, қызмет виджеттері, жеңілдетілген өзара әрекеттесуі бар және аппараттық қолдауы бар супер құрылғылардың керемет мүмкіндіктерін ұсынуға көмектеседі. Бүгінгі таңда 1800-ден астам жеткізушінің 4000-нан астам өнімі HarmonyOS Connect сертификатына ие болды. 2021 жылы HarmonyOS Connect бар 60 миллионнан астам құрылғы жөнелтілді.

Әр түрлі құрылғылар мен қосымшалардың пайда болуымен қатар, HarmonyOS-тың өркендеуі көбінесе жаңа талантты әзірлеушілерді тартуға байланысты болып отыр. Пекин университеті мен Цинхуа университетін қосқанда, Қытайдың 17 танымал университетінде Huawei студенттерге арналған HarmonyOS бойынша оқыту курстарын өткізіп келеді. Сонымен қатар, Huawei-дің “Жарқыраған жұлдыз” бағдарламасы аясында HarmonyOS-қа арналған 10 000 инновациялық қосымшаны әзірлеуге қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, Huawei саладағы таланттарды одан әрі дамыту үшін HarmonyOS білімін сертификаттаудың кешенді бағдарламасын ұсынады.

Конференция аясында HarmonyOS дамуының маңызды кезеңдері атап өтілді. Осындай кезеңдердің бірі үздіксіз инновациялардың арқасында жүйенің өнімділігі мен әзірлеу құралдарын жан-жақты жаңартуды қамтамасыз ететін әзірлеушілерге арналған HarmonyOS 3 Developer Preview шығарылымы болып табылады.

Ұсынылып отырған HarmonyOS нұсқасы әзірлеушілерге HarmonyOS үшін қосымшалар мен қызметтерді анағұрлым тиімдірек және арзан бағамен жасауға көмектеседі. Жаңа және көрнекі автоматтандырылған серпімді өрбіту құралы құрылғы әзірлеушілерге HarmonyOS компоненттерін олардың жабдықтарына барынша сәйкес келетін операциялық жүйені оңай құрастыруға бейімдеуге мүмкіндік береді. Инновациялық гетерогенді желілік технология суперқұрылғы үшін анағұрлым берік негіз құра отырып, таратылған жүйеге әр түрлі өнімділігі жоғары құрылғыларды қолдануға мүмкіндік береді . Сондай-ақ Harmony, Arkui 3.0, ArkCompiler 3.0, Deveco Studio 3.0 жобалау технологиялары мен HarmonyOS әзірлемелер пакетін атап өткен жөн.

Әзірлеушілерге арналған HarmonyOS 3 бета-нұсқасы 2022 жылдың 1-тоқсанында шығады деп жоспарланып отыр. Huawei тағы бір маңызды мәлімдеме жасап, HarmonyOS арналған жаңа бағдарламалау тілін шығаратынын хабарлады.

Адамдар мен ақылды құрылғылардың өзара іс-қимылының интеллектуалды дәуірі

Біз қазірдің өзінде бүкіл болмыстың ақылға қонымды байланысы дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жасанды интеллектінің озық технологияларының арқасында Huawei өз қолданушыларының қажеттіліктерін жақсырақ түсіне алады және барлық сценарийлерде тұтынушылар үшін зияткерлік өмірлік тәжірибе жасау арқылы дәлірек жауап бере алады.

Инновациялық сенсорлық ЖИ торы құрылғыларға пайдаланушының ниетін дәлірек түсінуге мүмкіндік бере отырып, әр қосылған құрылғыға супер құрылғы қадағасы ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді.  Мысалы, пайдаланушыларға жаттығулар мен жүктемелер туралы жан-жақты ақпарат бере отырып, ұялы телефондарды, сағаттарды, жүгіру жолдары және дене майын өлшейтін таразыларды виртуалды жеке жаттықтырушы ретінде бірге қолдануға болады. Барлық құрылғылардан параметрлерді жинаудың арқасында қызметтер әрбір пайдаланушы үшін жаттығулар бойынша кәсіби кеңестер құрастыра алады.

Huawei сонымен қатар әзірлеушілер мен серіктестерге HarmonyOS Connect өнімдері мен қызметтерін және атомарлық қызметтерін тиімді құруға көмектесе отырып, мықты әзірлеу құралдарын ұсынады. HarmonyOS Connect пакеті экрандармен жабдықталған жаңа құрылғыларды әзірлеуге негіз береді және супер құрылғылармен жұмыс істеудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Біртұтас интеграцияланған әзірлеме ортасы жеңіл құрылғылардың даму циклін екі айдан екі аптаға дейін қысқартады, ал экраны бар құрылғыларды әзірлеу циклі 2023 жылы екі айдан аз уақытқа дейін қысқарады деп күтілуде. Атомарлық қызметтерді әзірлеудің тиімділігі таратылған толық стекті біріктіретін жеңілдетілген әзірлеме ортасы арқылы екі есе артады.

HMS Core 6

Huawei мобильді қызметтер экожүйесінің (HMS) дүние жүзі бойынша 5,1 миллион әзірлеушісі бар және күннен күнге тез өсіп келеді, ал 173000-нан астам қосымша HMS ядросын біріктірді. 2021 жылдың алғашқы үш тоқсанында HUAWEI App Gallery-ден 332,2 миллиард қосымша орнатылды, бұл жаһандық әзірлеушілердің кірісін 62%-ға арттырды.

Саланың көшбасшысы бола отырып, HMS Core 6 әртүрлі операциялық жүйелерге негізделген құрылғылардың үлкен тізімінде қосымшалардың жұмыс істеуі үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер ұсынады. HMS Core 6 қосымшаларының толық қосылған ақылды экожүйесін құру үшін құрамына 69 жиынтық және 7 доменнің 21 738 API кіреді, оның ішінде кросс-платформалық мүмкіндіктері және мақтануға тұрарлық 13 жиынтық бар.

Конференция алғаш рет жасанды интеллект негізіндегі цифрлық аватар көмегімен ымдау тілін пайдалана отырып, тікелей эфирде көрсетілді. Аватар жасау үшін мәтінді 90%+ дәлдікпен табиғи ымдау тіліне түрлендірудің озық әдістерін біріктіретін SignPal жиынтығы қолданылды. Сонымен қатар, 3D модельдеуге арналған жинақ стандартты смартфонның көмегімен түсірілген көпбұрышты кескіндер арқылы бірнеше минут ішінде объект үшін әртүрлі текстуралы 3D моделін автоматты түрде жасайды. Бұл қызметті электрондық коммерция және анимация сияқты көптеген салаларда кеңінен қолдануға болады. Ол тіпті телемедицинадағы қиындықтарды жеңу үшін 3D басып шығарумен жұмыс істей алады.

HMS Core 6 басқа да жаңа қызметтері аудио және бейнені редакциялау, авторлық құқықты қорғау және электрондық юань төлеуді қамтиды.

Huawei сонымен қатар іздеудің бұлтты қызметтерін, желілік бұлтты қызметтерді, Cyberverse бұлтты қызметтерін және әзірлеменің бұлтты қызметтерін ұсына отырып, өзінің ғаламдық әзірлеушілері үшін қызмет (aPaaS) ретінде Macroverse қосымшалар платформасын ресми түрде іске қосты.

Пайдаланушылар дерегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құпиялылығын қорғау бойынша ұсыныстар мен міндеттемелер

Көптеген құрылғылар арасында жүздеген миллиард қосылыстарды қамтитын жаһандық экожүйе экожүйелердің қауіпсіздігіне назар аудартты. Huawei киберқауіпсіздік пен құпиялылықты басты басымдықтар деп санайды және ешқашан коммерциялық мақсатта киберкеңістікте ымыраға келмейтініне кепіл береді. Өз сөзіне сүйене отырып, Huawei өзінің тұтынушылық бизнесінің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қорғауға қатысты “төрт ұсыныс” жариялады:

  • тік құрылым мен үрдістерді енгізу;
  • құпиялылық пен қауіпсіздктің сенімді құрылымының әзірлемесі;
  • саланың мүдделі тараптарымен қауіпсіздікті тексеру жүйесінің бірлескен әзірлемесі;
  • экожүйе бойынша серіктестер үшін қауіпсіздік пен құпиялылықтың мүмкіндіктерін ашу

Осы ұсыныстарға қоса, Huawei Consumer Business бөлімшесі салтанатты түрде үш міндеттемені қабылдап, пайдаланушыларға құпиялылық пайдаланушының негізгі құқығы болып табылады деп сендірді. Пайдаланушының барлық деректерін шифрлау арқылы компания пайдаланушылардың әрқашан өздерінің деректерін толық бақылай алатынына кепіл береді. Huawei құпиялылық пен қауіпсіздікті қорғау үшін технологиялық инновацияларды қолданады және төлемақы жасау, әлеуметтік желілерді қолдану және басқа да жағдайлар кезінде пайдаланушылардың іс-әрекеттерін қорғайды.

Huawei сонымен қатар HarmonyOS Connect экожүйелік құрылғыларының қауіпсіздігі мен құпиялылығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты ресми түрде шығарды, оны экожүйе серіктестері өнімді әзірлеу кезінде ұстануы тиіс.

Huawei қауіпсіздіктің маңыздылығын мойындайды, сондықтан оны өзінің негізгі корпоративтік әлеуметтік міндеттерінің бірі ретінде қарастырады, сонымен қатар ақпараттың қол жетімділігіне, білім беру мен денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғауға жүйелі түрде инвестиция салады.

Huawei анағұрлым озық технологиялар мен мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін HarmonyOS экожүйесін, HMS және жасанды интеллектіні дамытуды жалғастырады. Компания сонымен қатар ақылды, толық қосылған жүйелер дәуіріне ену үшін Harmony экожүйесін байыту мақсатында жаһандық әзірлеушілермен және серіктестермен ынтымақтасады.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Источник: yorick.kz

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: