В Казахстане Гуманитариум Точные и естественные науки

Қазақстанда сармат көсемінің қорғаны зерттелуде

археология
Автор Йорик

2019 жылдың қазан айында Темір ауданы Тасқопа ауылындағы қорымнан табылған сармат көсемінің қорғаны мен алтын әшекейлерді зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды.

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкіміне Оразалин Оңдасынға Археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев деді.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобасына 7 ғылым кандидаты, 4 ғылым докторы, 2 академик жұмылдырылды. Жоба 3 кезеңде жүзеге асырылады.

Жәдігерлер зерттелгеннен кейін Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылады.

Оңдасын Оразалин институт басшылығына зерттеудің екінші кезеңін жалғастыруды және сармат жауынгерінің бұйымдарын қалпына келтіруді 2021 жылдың көктемінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, институт “Ақтөбе облысының киелі жерлерінің географиясы” бағдарламасы аясында жеті ірі ғылыми – зерттеу жобасын жүзеге асыруда.

Ғылым саласындағы жаңалықтардан хабардар болу үшін біздің Telegramға жазылыңыз.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Источник: yorick.kz

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: